Жас мамандармен жүздесу

Жуырда Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Панфилов аудандық комитетінің желілік кестесіне сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген мұғалімдермен кездесу өтті. 

 

   Кездесу барысында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауынан  туындайтын міндеттер сараланып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаудың мән-маңызы үлкен екені айтылды.

   Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы жас мамандармен жан-жақты сұхбаттасып,  жауапкершілігі мол жұмыстарына табыс тіледі. Ал жас мамандар болса өздеріне артылар сенімді ақтайтындарын жеткізіп, «Педагог мәртебесі» заң жобасына ұсыныстар енгізу бойынша дайындалған сауланаманы толтырды.

Ж.Ержанқызы,

аудандық кәсіподақ комитетінің маманы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net