Елбасы Жолдауы – болашаққа бастар жол
- Толығырақ
- Жарияланды 04.12.2018 05:43
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1298
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына дәстүрлі "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын жолдады.
Елбасы біріншіден, қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты дей келе, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысын орта есеппен 35 пайызға өсіруді тапсырды.
Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігін ескере отырып, "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартты. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды және салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін "салық амнистиясын" жүргізуге кірісуді тапсырды.
Сонымен қатар білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері бойынша Жолдауда айқын дәлелдер келтіре отырып, дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, жаңа реформаларды енгізуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде баяндай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға және "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жобалары аясында Елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керектігін атап өтті.
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Елбасы Жолдауында тапсырылған міндеттер мен тапсырмаларды мемлекет пен халық болып бірлесе орындауға кіріссек, еліміздің жарқын болашағына жол ашуға көп септігін тигізеді деп ойлаймын.
М.Сағымбек,
аудандық Әділет
басқармасының басшысы,
Қазақстанның
Заңгерлер
одағының мүшесі.