Бақытың да, байлығың да -денсаулық
- Толығырақ
- Жарияланды 06.12.2018 08:44
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1538
«Арай» балабақшасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында балабақша ішілік қызметкерлер арасында «Бақытың да, байлығың да - денсаулық» атты спорттық жарыс өтті.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Жарысқа «Алғырлар» , «Жалын», «Арлан» атты командалар қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Командалар жақсы дайындықпен келген. Ойын барысында «Мұртты кенгуру», «Пингвин», «Шаңғы» сынды ойындар ойнатылып, жоғары деңгейде өткізілді.
«Бәйгені ат жаратып шапқан алар, олжаны жатқан емес, тапқан алар» демекші жарыс қортындысы бойынша I орынды «Алғырлар», II орынды «Жалын», III орынды «Арлан» тобы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы шараны ұйымдастырып өткізген дене шынықтыру нұсқаушысы Р.Қасымоваға алғысымыз шексіз. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ақерке МҮСІЛІМҚЫЗЫ,
«Арай» балабақшасының
тәрбиешісі.