ТЫҢ ИДЕЯЛАРҒА ТОЛЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2018 04:24
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1445
Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне сонымен қатар, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр.
Осыған орай Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен қарастырылған.
Осы ретте кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және тағы басқа да салаларды дамытуға тоқталып, нақты міндеттерді айқындады. Атап айтқанда, алдымыздағы жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді, тиімділігі жоғары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды, сондай-ақ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көреткішке дейін арттыруды, үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспорттты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлу секілді тапсырмалар жүктеген болатын.
Сонымен қатар, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, қазақстандық азаматтардың еліміздегі өзгерістер үдесіне атсалысуы мәселелеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Мұның барлығы да қазақ елінің дамуы мен халықтың бейбітшілік астында тату тәтті әрі алаңсыз өмір сүрулері үшін жасалынып отырған жұмыстар.
Елбасымыздың Жолдауы экономиканы дамытуға тың серпін беріп, жан жақты саланы қамтыған аса маңызды құжат деп білемін. Бұл құжат болашаққа жоспарланып отырған тың бастамалардың орындалуына себепші болары анық.
А.ХОДЖАМБЕРДИЕВ,
аудандық мәслихаттың
депутаты.