ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРТАР ҮМІТ КӨП

18.01.2019ж

Биылғы жыл жастар жылы. Ұлтымыздың жарқын болашағы үшін жастарға артылған сенім  мен  үміт көп. Оны біз    жастар  терең сезіммен ұғынып, аянбай еңбек ететін боламыз.

     Артылар үмітті ақтауға тырысамыз. Себебі, Елбасымыз әр Жолдауында білімге құштар, ізденімпаз жастарға әрдайым қолдау көрсетіп, жігерлендіріп келеді. Елбасымыз қандай саяси бастамалар көтерсе де жігерлі жастарға қолдау көрсетуді  назардан  тыс қалдырып жатқан жоқ. Бұл өте қуантарлық  жағдай.

     Бүгінгі қоғам білекке емес, білімге сенетін заман. Олай болса табысты болып, ойлаған арман-мақсаттарымызға жету үшін білімділік пен біліктіліктің маңызы зор. Сондықтан еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Білім беру ошақтарының санына емес, сапасына мән беріп, ұстаздар қауымының біліктілігін көтеруге жұмыс жасау басты мақсат болып табылады. 

    Жалын сыйлаған   жастар жылында талай түйткілді мәселелердің  шешімі табылса екен деп зор үміт артамыз. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі қоғамда жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Әсіресе, жастар арасында бұл көрсеткіш басым. Біріншіден  оқу   орнын  кеше бітірген жас маманнан талап етілетін бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болса, екінші, жемқорлық, үшінші, таныс-тамырдың болуы. Мұның барлығы талабы жоғары, білімі жетік жастардың жұмыссыздар санын арттырып, екі қолға бір күрек таба алмауына себепші болуда.                          

      Биылғы жылы осы мәселелерге Үкімет тарапынан назар аударылып, нәтижелі жұмыстар атқарылса нұр үстіне нұр болар еді.

Ақмарал  ХАМЕТЖАНОВА.

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

booked.net