Салық саясаты - басты назарда

01.02.2019ж

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының 1-тарауының 3-тармағында бизнесті заңсыз әкімшілік  қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсуді қарастырып отырғаны кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін кедергілерді жоюға бағытталып отырғанын халқымыз қызу қолдап отыр.

 

    Жолдауда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды арттыра отырып, 50 мың АЕК дейін арттыруды, Қаржы мониторингі комитетіне көлеңкелі экономикамен күрес жүргізу үшін Экономикалық тергеу қызметін қайта құруды, «қолма қол ақшасыз экономикаға» бет бұрған кәсіпкерді ынталандыруға, салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуын, көлеңкелі экономиканың айналымын 40 % қысқарту үшін Үкіметке нақты шараларды жүзеге асыру тапсырмаларын беріп отыр.

   Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес өз жұмысын жаңаша бастау үшін салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізу тапсырмасына сәйкес аудандық салық басқармасы тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді бастап кетті.

  Бизнес өкілдерінің салықты дер кезінде төлеуі экономикамызды дамытуға, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етуі себепті Мемлекет басшысының салық саясатын әрқашан қолдай отырып, басты назарда ұстап, осы бағыттағы жұмыстарды заң мен заман талабына сәйкес одан әрі жандандыратын боламыз.

Меруерт СӘЛІМБАЕВА,

аудандық салық басқармасының бас маманы.

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net