Жарқын болашақтың кепілі

08.02.2019ж

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдан астам уақытта жоспарланған екі жаңғыруды іске асырды: біріншісі - бұл нарықтық экономика қағидаттары бойынша жаңа мемлекет құру, екінші - 2030 стратегиясын жүзеге асыру және Отанымыздың елордасы - Астананы қалыптастыру, Қазақстанды саяси, экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосу болатын.

        Қазіргі заманның шапшаң қарқынмен өзгеріп, дамуы, жаңа дәуірдің тууы Қазақстанның да осыған сай нақты іс-қимылдарға көшуін қажет етуіне байланысты мемлекет басшысы «5 институтционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарын халыққа ұсынғанын болатын. Ол 5 реформа: Кәсіби мемлекеттік аппарат құру,  заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

      Ал қазіргі әлемдегі технологиялық дәстүрді түбегейлі өзгерту экономикалық өнімнің жаңа моделіне өтуді талап етуіне байланысты Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арналған кезекті Жолдауы Қазақстанның Үшінші жаңғыруына – яғни қазақстандықтардың рухани жаңғыруына арналды. Бұл жолдаудағы іске асыратын негізгі міндет - елдің жаңа өмір шындығы жағдайларындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, іс қимылымыздың негізгі – осы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары. Сондықтан да Жолдау - «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.

     Жолдаудағы Үшінші жаңғырудың өзі шешуші бес басымдылықтарға бөлінген: Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Ол үшін цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетіп, елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамытуға күш салу қажет. Сонымен бірге Үкіметке тез арада «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын қабылдап, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және    логистика, экспорт саласына көңіл бөлу тапсырылды.

   Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Ол үшін мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтып, бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды төмендетіп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту. Негізгі стратегиялық мақсат – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

   Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

   Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

    Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

     Сондай-ақ жақында Елбасы осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының   жалғасы  ретінде «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласын жариялады. Мақалада Елбасы қазіргі жаһанда болып жатқан экономикалық, саяси күрделі жағдайларға байланысты қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты. Барды бағалай білу елін, жерін мемлекетін сүйген әрбір азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы, кез келген деңгейдегі ел басқарып жүрген әрбір басшысы ұлттық дәстүр мен халқының бар қадір-қасиетін бойынан көрсете білсе, ұлтының тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білсе, ұлтын жан тәнімен сүйсе халқының мәртебесін өзімнің мәртебем деп түсінсе нұр үстіне нұр болар еді.

М.Сағымбек ,                     

Қазақстанның  Заңгерлер

 одағының  мүшесі,

аудандық  Әділет

басқармасының  басшысы . 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 719884