Биік мақсаттар жолында

16.08.2019ж

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауы бұрынғыдан өзгеше болды.

    Көтерілген мәселелердің дені елдің экономикасын, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-сапасын көтеруге және елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған басты бағдар болды десек қателеспеспіз. Сондай-ақ осы Жолдау Тұңғыш Президентіміздің қазақ еліне деген сүйіспеншілігін білдіре келе, халыққа арнаған соңғы өсиеті ретінде көпшілік есінде қалды.
   Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді орындау жұмыстары біздің ауданымызда тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Аудан бойынша 64 адамнан тұратын ақпараттық-насихаттық топ жыл басынан бері жұмыс жасауда. Ауданымызға қарасты барлық елді-мекендердегі ұстаздар қауымының жалақыларының өсуі тұрақты қадағаланып, тиісті мөлшердегі аталған көмектің барлығы орындалды. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуына байланысты аудан жастарымен бірлесе түрлі жобалар қолға алынды. Ұшқыр ойлы, талапты жастардың тың идеяларының орындалуына жол ашылды.     Ауылдық жерлерді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары одан әрі күшейтілді. Жалпы біздің ауданымыз дамушы аудандар қатарында болғандықтан Елбасы жүктеген тапсырмалардың біреуі де ескерусіз қалған емес. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған барлық бағдарламалар да кезең кезеңмен іске асуда. Осының барлығы нақты аталып өткен Жолдау - қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаһандық стратегиясын білдіреді деп нық сеніммен айтуға болады.
    Жалпы Үкімет қызметінің адамды дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы назар аударуға тұрарлық әрі құптарлық іс.
Марат Илипов,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.