Бағдарлы бағыт

     16.08.2019ж

Еліміздің Тұңғыш Пезиденті Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелерді нақтылап айтқан болатын.

Негізінен Жолдауда айтылған басымдықтардан Қазақстанды жаңғырту барысында әлеуметтік мәселелерге маңыз берілгені аңғарылады.   Жолдауда халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, барлық азаматтарды өздерінің кәсібіне, мамандығына, біліміне сай лайықты жұмыспен қамтамасыз ету басым бағыттар ретінде белгіленді.

Президент мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті істерді қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге тапсырма берді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың жағымды жаңалығы осылай басталды.
     Бүгінде Жолдауды тыңдаған мұғалімдер ғана емес, бүкіл ата-аналар үш ауысымды мектептер мәселесінің шешімін табатынына қуануда. Бұл орайда Елбасы Жолдауында 2019-2021 жылдары қосымша 50 миллиард теңге бөлінетіні айтылды.
Айтжан Айтмұқаева,
мұғалім.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net