Болашаққа бағдар
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2019 09:29
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1231
28.08.2019ж
Жылма- жыл елге Жолдауын
Халықтың жайын қолдауың.
Көксейсің мына еліңде
Келеңсіз істің болмауын.
Ұшырған жердің серігі-
Қадамның болды берігі.
Қатарға шығу елудің-
Ертеңгі күнге сенімі.
Бой түзеп өсіп жас қалам-
Еліме болды Астана.
Жер-жаһан көріп сүйсінді
Халқыңа үлгі бастамаң.
Сан тарау алда жол жатыр,
Көз қорқақ дейді, қол батыр.
Сапында болсын елудің,
Мақсатқа біздің сол татыр.
Бағдат Бейсенқызы.