Болашаққа бағдар

28.08.2019ж

Жылма- жыл  елге  Жолдауын

Халықтың  жайын  қолдауың.

 

Көксейсің мына  еліңде

Келеңсіз істің болмауын.

 

Ұшырған жердің серігі-

Қадамның болды берігі.

Қатарға шығу елудің-

Ертеңгі күнге сенімі.

 

Бой түзеп өсіп жас қалам-

Еліме  болды Астана.

Жер-жаһан көріп сүйсінді

Халқыңа үлгі бастамаң.

 

 

Сан тарау алда жол жатыр,

Көз қорқақ дейді, қол батыр.

Сапында болсын елудің,

Мақсатқа біздің сол татыр.

             Бағдат  Бейсенқызы.