ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

03.09.2019ж

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Кеңейтілген отырыс ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың: «Кеше Парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын бірінші Жолдауын баяндады.  Біздің жиынымыз осы Жолдауды талқылауға және онда алға қойылған міндеттерді іске асыруға Ассамблеясының қатысуы мәселесіне арналған», - деген сөздерінен бастау алып, «Мемлекет басшысы Жолдауда бірқатар маңызды бағыттарға баса мән беруіміз керек екендігін атап өтті. Олар: заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, серпінді және инклюзивті экономиканы қалыптастыру, әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру, қуатты өңірлерді қалыптастыру. Осы бағыттардың барлығы бойынша нақты міндеттер айқындалды. Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның өз дамуында жаңа кезеңге бет алуын сипаттайды деп айтуға толық негіз бар», - деп сөзін жалғастырды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз тарихында Мемлекет басшысының халыққа  Жолдау жасауы – жақсы дәстүрге айналған. Бұл – мемлекет дамуының келешегін болжай отырып тұжырымдалатын, ел ішінде тап сол кезде бар проблемалар түйінін шешуді, даму бағытымызды айқындап отыратын  стратегиялық құжат екені белгілі.

Отырыс барысында қатысушылар да, тілшілерге берген сұхбаттарында ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы ел өміріндегі шешілуін күтіп тұрған көп мәселелерді дөп басқан маңызды құжат болғанын» алға тартты.

Сондай-ақ, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау сапасы, елде бейбіт митингілерді еркін өткізу, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізу сияқты Жолдауда айтылған бірқатар өзекті мәселелер талқыға салынды.

Қорыта келгенде, ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен министрліктердің өкілдері, ҚХА мен Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері және Ассамблеяның жастар қанаты қатысқан бұл жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бірауыздан қолдау тапты.

 

 

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net