Бастамашыл жастар бас қосты

13.09.2019ж

Жуырда «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес  жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жастар кеңесінің мүшелері шара барысында бірқатар мәселелерді талқылады және ой-пікірлерімен бөлісе отырып, ұсыныстарын айтты. Оның ішінде бүгінгі күні басты тақырыпқа айналған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауы.

       Жолдаудағы жас мамандарды қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттілігі туралы айтылған мәселе бойынша талқылау жүргізілді. Сонымен қатар, жастар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, дауыс беру арқылы жаңа төраға болып Керімағаш-Арасан   орта мектебінің мұғалімі Сайранұлы Еламан сайланды. Аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Әділұлы жастар кеңесінің мүшелік құрамына жаңадан енгізілген жас мамандармен бірлесе отырып, 2019-2020 жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарды талқылады.