Ақпараттық топ өз жұмысын бастады

13.09.2019ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан  тұрғындары арасында түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық насихат тобы  құрылды.

Аталған топ 14 топқа бөлініп жұмыстарын бастады.  Алғашқылардың бірі болып, топ жетекшісі С. Жакупова-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары және мүшелері- С. Бакетов-Жаскент ауылдық округінің әкімі, Н. Илипов-"Болашақ бағдары" ҚБ төрағасы, жас кәсіпкер Жаскент ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Президент Жолдауындағы еліміздің алдағы кезеңдегі мақсаттары мен бағыт-бағдарын кеңінен талқылады. Кездесуге қатысқан тұрғындар заман талабына сай жарияланған Жолдауды қолдап, өз пікірлерімен бөлісті.

(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Шілде 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1157626