Мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету

20.09.2019ж

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында елімізге  керекті маңызды міндеттерді атап көрсетті.

«Заман талабына сай тиімді мемілекет», «Азаматтардың құқықтар мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» сынды елімізді дамыту жөніндегі қажетті бағдарламалық бастамалар мен манызды мәселелер орынды қөтерілді, соның ішінде мемілекеттік қызметшіге де берілген жауапкершілік мүлтіксіз атқаруға моралдық құқық берілді.

     Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытып отырғандығына байланысты Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

    Бұл шара өз кезегінде Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландыруды, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық- мәліметтерді толық электрондық форматқа көшіруді көздейді.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан Басқұншы ауылдық округі әкім аппараты бойынша заңды және жеке тұлғаларға 8 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда: Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау », «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлуметтік көмек алушыларға тиістілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына  жіберу  үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

        Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер облыс әкімінің (www.zhambyl.gov.kz) және аудандық әкімінің (www.uzo-zhambyl.kz) интернет-ресурсында орналастырылған.

        Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет түрлері электрондық және қағаз түрінде көрсетілуде.

 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО) және www.elicense.kz «Е-лицензиялау», www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.

       Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында округ әкімшілік ғимаратында арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орналастырылған.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес, округ әкімі аппараты жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес штабының округ әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылып келеді. Жоспарға сәйкес дөңгелек стөлдер ұйымдастырылып тұрады, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланып тұрады.

 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті округ әкімінің бақылауында.

Д.Наймантаев,

 Басқұншы ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы.