Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

20.09.2019ж

2019     жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы,

әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігі мен жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесін шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырған.

                Осыған орай, Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Мұрат Ахметжанов кейбір қылмыс түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы өмір бойы қамауға алуды немесе жас балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық үшін 20 жылдан кем емес бас бостандығынан  айыруды   көздейтінін   атап өткен.

                Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерін одан әрі жетілдіру бойынша заң жобасы дайындалды, оған қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер енгізуге заң жобасы әзірленуде.

                Оған қоса жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін атап айтқанда: зорлау және сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін ауырлататын мән-жайсыз жасау ауыр қылмыстар санатына жатады.

                «Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы барлық күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтіледі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыс жасаудың жеке саралау белгісі пайда болады. Жас балаға қатысты жыныстық зорлық - зомбылық жасау енді өмір бойы немесе 20 жылдан кем емес бас бостандығынан айыруды көздейді.

                Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасау фактілері бойынша жасырғаны үшін, сондай-ақ педофилияның ауыр фактілері бойынша хабарламағаны үшін жауапкершілік енгізілгенін айта кеткен жөн.

О. Жолсеитов,

 аудандық

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 640731