Жолдаудың басым бағыттары талқыланды
- Толығырақ
- Жарияланды 27.09.2019 10:30
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1187
06.09.2019ж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындары үлкен жауапкершілікпен қабылдады.
Президентіміздің «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауына байланысты аудан әкімдігінде басқосу болып өтті. Оған аудан әкімдігінің
қызметкерлері, мәслихат депутаттары, округ әкімдері және сала басшылары, еңбек ардагерлері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімі Т.Бектасов ашып, жүргізіп отырды. барысында Президент Жолдауы бойынша аудан әкімінің баяндамасы оқылды.
Жолдауда аталып өткен негізгі бес бөлім талқыланып, Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі жолындағы жүйелі
жұмыстарды аудан тұрғындары қолдайтындығы баяндалды.Жолдауда партия құрылысы үдерісін жалғастыру, халықпен
кері байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту туралы айтылған және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ өңірлер-қуатты ел туралы айтылып көптің көңілін тербеді. Шара барысында Жаркент орта мектебінің директорыМұратбек Әжібеков, кітапхана қызметкері Наталья Антипова, Шекара Халықаралық ынтымақтастық орталығынан Гүлмира Сакиева, ауданымыздағы жастар ресурстық орталығының маманы Алмаз сөз алып, Жолдау еліміздің алдағы уақытта ұстанатын стратегиясы екенін айтты. Жолдауды қолдаған актив жиынын аудан әкімі Т.Бектасов қорытындылады.