Жаңа бағыт айқындалды

27.09.2019ж

«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын»-деген керемет сөзден басталатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген негізгі мәселелерді толығымен қолдаймыз.

     Біріншіден, көпұлтты халықтың бірлігін нығайтуда нақты шаралар қабылдануын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтуді, оның ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру жолында тапсырмалар мен міндеттер беріліп, нақты жоспарлар белгіленгені көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлады.
      Екіншіден, ел болашағы білімді елдің ұрпағын тәрбиелейтін мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын 25 пайызға көтеруді Үкімет алдында қойып міндеттегені бізді қуантты.
     Алдағы уақытта Жолдауда айтылған міндеттер мен мақсаттар жүйелі түрде орындалып ел дамуына, ел экономикасын жоғары деңгейге көтеруге өз үлесін қосатындығына зор сенім артамыз. Бұған Қазақстанның әр азаматы үлес қосатын болады.

С.ЖұмадІлов,
аудандық қоғамдық келісім
Кеңесінің төрағасы,
Панфилов ауданының «Құрметті азаматы».

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 640714