Ұстаздар қауымы Президент Жолдауын талқылады

27.09.2019ж

Қазақстан Республикасының жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы бірқатар мәселелерді қозғады. Жолдауды біздің Пенжім орта мектебінің ұжымы да талқылап, Жолдауды жүзеге асыруды өздеріне берілген жауапты тапсырма деп қабылдады.

      Мектеп ұжымы мен осы мектепті басқарып отырған ұлағатты ұстаз Гүлнәз Құсманқызы Жолдаудағы білім мәселесі туралы айтылған мәселелерге ерекше тоқталып, заманауи білім беру стандарттары туралы ұстаздардың ой-пікірлерін тыңдады.
Жолдаудағы ұстаздардың әсіресе, ауыл мұғалімдерінің жүктемелері, білім жүйесіндегі өзгерістер, ұстаздардың 2020 жылға дейінгі жалақыларының екі есе өсуі туралы айтылған жақсы жаңалықтар жайында мектеп ұстаздары өздеріне артылып отырған білім мәселелері туралы пікірлерін ортаға салды.
       Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маржан Азаматқызы үш тұғырлы тіл туралы, әсіресе, ағылшын тілін біртіндеп меңгеруге басымдық бере отырып, үш тілді білім беруге сатылай көшуді жалғастыру керегіне қосылатынын жеткізді. Президент Жолдауын ұстаздар қауымы қолдап, қуаттаймыз. Болашақ ұрпақ біздің қолымызда.Сол себепті Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбек етіп, Жолдауда жүктелген міндеттерді орындауға ауқымды үлес қосуға күш салатын боламыз.

Базаргүл Қадырқызы,
«Пенжім орта мектебі» КММ-нің
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 640729