Жауапкершілік жүктейді

10.10.2019ж

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында мемлекеттің қауқарлы болуы халық пен билік арасындағы алтын көпірдің беріктігінде екенін екшеп, осы орайдағы жұмыстың тиімділігін арттыруға басымдық берді.

      «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Президентіміз ел-жұрттың шынайы тыныс-тіршілігінің тамырын дөп басып, нақты сұраныстарға жауап беретін міндеттерді жаза баспай жүзеге асыру бағдарын ұсынды.
      Бұған дейін де ол «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында да мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруге айрықша мән берген болатын.
     Президент «Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отыр. Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын»,-деді. Қызметшінің жұмысын басқа әріптестер бағалағаннан гөрі бұл жүйеге тұрғындардың араласуы әділеттілікті әрі жауапкершілікті жоғары деңгейге шығарады деуге негіз бар.
Жекелеген қызметшілердің жұмыс сапасы, ар-абыройы, жауапкершілігі құрала келіп, мемлекеттік қызметтің жалпы келбетін сипаттайды. Сондықтан бұған сарабдал көзқарас, сұңғыла шешіммен жөн сілтеген жөн. Жолдауда 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқарту да айтылды. Бұл саннан сапаға көшудің нақты көрінісі болатыны анық.
Айдос Қалиев,
аудандық Мәслихаттың
аппарат жетекшісі.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 680288