Бағытымыз айқын
- Толығырақ
- Жарияланды 18.10.2019 04:18
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1208
17.10.2019ж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы өзекті де өткір мәселелерді қамтып отыр.
Жолдау аясында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуының маңызды салаларына тоқталып, тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі уақытта күйзеліске түскен саланың тамырына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сара басшылығы арқасында қан жүгіртіп, ел еңсесінің көтерілгенін, жаппай инновация тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 жылда Қазақстанның жедел дамушы ел ретінде әлемге танылғанын баса айтты.
Жолдауда көптеген шешімін таппай, қозғалмай жүрген тақырыптар қамтылған. Сіздер мен біздердің алдымызда тұрған міндет - әрбіріміз өз жауапкершілігімізді арттыруымыз керек.
«Бағытымыз айқын, жолымыз - ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін»,-деді Президент.
Гүлбақыт Қуатова,
аудан әкімі аппаратының
бас маманы.