Жауапкершілік жүгі
- Толығырақ
- Жарияланды 08.11.2019 04:11
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1245
07.11.2019ж
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезең» атты тарауында:
«Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе - ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы» дей келе «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру үшін осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындауды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді, Үкімет пен әкімдерге ондай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерлерге баруы үшін мүмкіндік жасауды, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, алдағы уақытта жалақыны өсіру шараларын қарастырып, тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың дер кезінде және сапалы орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды қарастыруының өзі қазағымыздың қаймағы бұзылмаған ауыл педагогтары-біздерді ерекше жігерлендіріп, болашаққа деген сенімімізді арттырып отыр.
Әкем ұстаздықтан зейнеткерлікке шыққандықтан ұстаздықтың жолын өзім және қызым жанұялық дәстүр ретінде жалғастырып отырғандықтан мұғалімдердің қоғамдағы орнына қатысты ұзақ жылдар күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселердің өз оңды шешімін табатынына сенімім мол.
«Бағытымыз-айқын, жолымыз-ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістіктерге жетеді деп сенемін!» деген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жігерлі сөзі қоғамымыздың әрбір көзіқарақты мүшесіне зор жауапкершілік жүктейді.
Айман МҰРЫМБАЕВА,
Нәдек орта мектебінің
зертханашысы.