«ЖАСЫЛ ЕЛ» МАУСЫМДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

22.11.2019ж

«Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Сол жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, еліміздің барлық аймағында филиалдары ашылып, өз жұмыстарын бастаған. Бұл бағдарлама 15 жылдан бері қаншама жастың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында оларды бір арнаға тоғыстырды. «Еңбектің наны тәтті» болатынын ұғындырып, жазғы демалыстарында уақыттарын жүйелі пайдаланып, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға мүмкіндік береді. Жыл өткен сайын біздің облысымызда да жалпы ұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші жастарымыздың қатары артып келеді.
Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалы Республикалық көрсеткіштер бойынша көшбастаушы топтың бірі екендігін атап өткен жөн. 2013-2017 жылдар арасында 4 мәрте қатарынан «Үздік штаб» номинациясына ие болса 2016 жылы «Үздік жасақ» және «Үздік жоба» номинацияларымен қатар 2018 жылы қаһарман «Жасыл ел» номинациясына қол жеткіздік, бұл барша облысымыздың жастарының жұмыла атқарғандағы еңбегіміздің көрсеткіші деп түсінеміз. Биылғы жыл ерекше жыл жастарға жаңа серпін берген «Жастар жылы». Осы жастар жылы аясында Павлодар қаласында өткен Республикалық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV маусымдық жабылу салтанатында Алматы облысы топ бастап, «JYL SERPINI», «UZDIK JASAK», «UZDIK #TrashtagKZ» және «UZDIK SARBAZ» номинацияларын иеленді.
«Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министірлігі» Республика деңгейінде үздіктердің қатарында болғанын ескере отырып, Алматы облысына 1875 жасты қамтуға қаражат бөлген болатын. Осы көрсеткішті облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұжымы үнемдеу арқылы 1911 жаспен аяқтады. Өз жұмысымызды маусым айында 585 жаспен бастап, шілде айында 1002 жаспен жалғастырдық, маусымдық жұмысты 342 жаспен аяқтаған болатынбыз. Осы орайда, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарында еңбек етемін деген жастардың көрсеткіші жыл арта ұлғайып келе жатқандығын аңғаруға болады.
Жұмысқа орналасқан 1911 жастың 297-і жоғарғы оқу орындарының ал 672-і кәсіптік техникалық білім беру орындарының студенттері, 489-і мектеп оқушылары болса, 453 жұмыссыз жастардан тұрады.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ішінде көп балалы отбасылардан шыққан жасақшылар саны 384 адам, жағдайы төмен отбасыларынан 206 жасақшы, зерде жандардан 49 жасақшы, ата-анасының қарауынсыз қалған 102 жас азаматтар жұмыс атқарды.
2019 жылғы XV маусымдық жұмыс аясында жасақшылармен облыс төңірегінде жалпы 130 іс шара ұйымдастырылды. Оның ішінде спорттық іс-шаралар 20, мәдени іс-шаралар 17, кездесулер 14, қайырымдылық акциялар 37, тазалық акциялар 42 іс-шаралар өткізіліп, орта есеппен 7500-ге жуық жас қатысқан. Іс шаралардың басты бағыты экологиялық, денсаулық пен рухани сана сезімді дамытуға бағытталған болатын. Атап айтсақ «Жасыл ел – жасыл жер», «Үлкенге құрмет – кішіге міндет», «Таза қала – таза ауыл», «Бұл сенің жерің, таза ұстау – міндетің», «Жасыл аймақ», «Эко – сағат», «Экодесант», «Ақ тілек пен Нұр-Сұлтан», «Экосақшы», «ZHASYL EL UPGRADE», «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы шеңберінде Алматы облысының Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қарттарымызға тұрақты түрде барлық аудан, қалаларында көмек көрсетіліп келеді.
Қазіргі таңда облысымыздың бір қатар аудан, қалаларында құрылыс жұмыстары да қарқынды дамып, үлкен құрылыс нысандары салынуда. Алматы облысының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жасақшылардың ішінен студенттік құрылыс жасақтарын құрып, аудан, қала жастар ресурстық орталықтарының көмегімен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жүрген мердігер компанияларының басшыларымен ортақ мәмлеге келіп, 100 ге жуық суденттер құрылыс нысандарында жұмыспен қамтылып, үлкен тәжірибеге ие болды.
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3273211