ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ БАСТЫ БАЙЛЫҚ

15.11.2019ж

Бүгінде еліміздің ба­сты байлығы-халықтардың бірлігі. Осы баға жетпес байлықтың арқасында елімізде ынтымақтастық, тыныштық пен тұрақтылық қалыптасқан.

Бұл маңызды негіздер Қазақстанның да­муына жол ашып келеді. Еліміздің дамуы халықтың жағдайының жақсаруына тікелей байланысты.

      -«Басқа Орта Азия көрші елдерінің тұрмыс ахуа­лымен салыстырғанда біздің жағдайымыз біршама жақсы болғаны бәрімізге белгілі.

      Осындай керемет мемлекетте өмір сүруді нәсіп еткен Жа­ратушы иемізге шүкіршілік келтіру біз үшін басты міндет»,-дейді өзбек ұлтының өкілі Ш.Пулатов.

     Халықтар бірлігін қамтамасыз етуге Тұңғыш Президентіміз, Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты, барша ұлттардың бастарын қосып, оны бір халыққа айналдырды. Сабақтастық негізінде жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осы байлықты сақтай білуіміз ке­рек деп айтты. Сондықтан барша ұлттардың бастарын бірлікте сақтау үшін, келесі қадамымыз мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолдануды қадағалады.

     Біз жастарға өсиет етіп, бірлікті сақтай білуіміз керек деп әрқашан айтып келеміз. Ал егер мемлекеттік тілді ел өмірінде қолдануға мүмкіндік берсек, сон­да алдымызға қойылған мақсаттарға міндетті түрде жететін боламыз.

Б.ТЛЕУХАН.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 731048