«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты қоғам тыныштығын орнатады
- Толығырақ
- Жарияланды 03.12.2019 11:10
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1651
28.11.2019ж
Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.
Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді», делінген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру шеңберінде құқық қорғау және мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп кең ауқымды жұмыс жүргізуде. «Мүлдем төзбеушілік» қағидатының негізінде-ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, тыныштықты бұзу, адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу бойынша Алтынкөл стансасында халық арасында үнемі түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Қазақстанның әр азаматы көз алдында жасалып жатқан құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай, дер кезінде полиция қызметкерлеріне хабарлауы қажет. Кез келген отбасы белгілі бір заңдылыққа негізделіп өмір сүреді. Аталмыш тәртіп қоғамда орнаса, яғни әр адам мәдениеттілікті өзінен талап етсе, аталмыш Жолдаудағы тапсырмалар орындалары хақ. Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шабады. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. «Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздер бар.
Құқықтық мемлекетте өмір сүрген әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұматы болғаны дұрыс. Заңды бұзбай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. «Заң сыйлаған еркін жүреді» демекші, тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік қоғам дамуының талабы екенін естен шығармайық.
Ө.Әзімханов,
Алтынкөл ст. ЖПб-нің
ӘПТ-ң аға
инспекторы,
полиция подполковнигі.