Гүлі ң болып егілемін
- Толығырақ
- Жарияланды 01.06.2017 10:10
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 2875
Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Олар өздерінің ұрпақтарын да соған баулып, туған жер мен егемендіктің қадір-қасиетін бағалай білуге үйретеді. Бұл орайда біздің халқымыз «Отан –отбасынан басталады» дейді. Ол шынымен де солай. Өйткені, ондай үлкен сезімдер адам бойында бала кезінен бастап, алдымен ата-ананың, есейе келе оқу оқитын, еңбек ететін ортасының тәрбиесімен қалыптасады ғой.
«Менің Қазақстаным» - біздің Гимніміз. Шәмшінің бұл әні баяғыдан бері елдің аузында жүрген. Гимнге өзі сұранып тұрған ән еді. Онда үлкен рухты екпін бар. Ол әнді ауылдағы ойын баласының мүдірмей айтып жүргенін, ойын-тойларда дүйім жұрттың қосыла шырқағанын мен өз көзіммен талай көргенмін.
Мемлекеттік Гимн болып қабылданғаннан кейін екі-үш күннен соң бір тойда болғанымызда жиналған жұрттың орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, шырқағандарын көргенде қатты тебірендім.
Сөз жоқ, Гимн - өз елін, өз жерін қастерлейтін әр адамның жүрек түкпірінде бүлкіл қағып жататын қасиетті әуен. Оның жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудегі рөлі орасан зор.
Бағдат Бейсенқызы.