Гүлі ң болып егілемін

Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Олар өздерінің ұрпақтарын да соған баулып, туған жер мен  егемендіктің қадір-қасиетін бағалай білуге үйретеді. Бұл орайда біздің халқымыз «Отан –отбасынан басталады» дейді. Ол шынымен де солай. Өйткені, ондай үлкен сезімдер адам бойында бала кезінен бастап, алдымен ата-ананың, есейе келе оқу оқитын, еңбек ететін  ортасының тәрбиесімен қалыптасады ғой.

 

            «Менің Қазақстаным» -  біздің Гимніміз. Шәмшінің бұл әні баяғыдан  бері елдің аузында жүрген. Гимнге өзі сұранып тұрған ән еді. Онда үлкен рухты екпін бар. Ол әнді ауылдағы ойын баласының мүдірмей айтып жүргенін, ойын-тойларда дүйім жұрттың қосыла шырқағанын мен өз көзіммен талай көргенмін.

            Мемлекеттік  Гимн  болып қабылданғаннан кейін екі-үш күннен соң бір тойда болғанымызда жиналған жұрттың орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, шырқағандарын көргенде  қатты тебірендім.

            Сөз жоқ, Гимн - өз елін, өз жерін қастерлейтін әр адамның жүрек түкпірінде бүлкіл қағып жататын қасиетті әуен. Оның жас ұрпақты отаншылдыққа  тәрбиелеудегі  рөлі  орасан  зор.

Бағдат   Бейсенқызы.