халыққа деген қамқорлық
- Толығырақ
- Жарияланды 07.09.2020 08:32
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 939
07.09.2020ж
Денсаулық сақтау саласындағы «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламалары іске асырылып, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен жалғасын табуда.
Осы келелі бағдарламалардың нәтижесін аудан тұрғындары жақсы сезініп, нәтижесінде негізгі көрсеткіштеріміз де жақсаруда.
Бұл бағытта ауданымыздың барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері өздерінің міндеттерін, жауапкершіліктерін толықтай сезініп, еңбек етуде.
Баршаңызға мәлім, бүгінгі таңда әлемді жаулаған коронавирус жұқпасымен бірінші күннен бастап әріптестеріміз осы бағытта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етті. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен аудан әкімдігі мен аудан тұрғындарына зор алғысымызды айтамыз. Коронавирус және вирусты пневмонияның қандай деңгейде қауіпті екенін аудан тұрғындары толық сезінген шығар деп ойлаймыз. Құрметті ағайын, сондықтан сақтық шараларын сақтап, бәсеңділік танытпайық. Осыған байланысты 1-қыркүйек күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында кеңінен айтып өтті. Алдағы уақытта пандемияға қарсы жұмысты жандандыру мақсатында Президентіміз нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді, яғни, республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлу арқылы медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру, білікті мамандарды дайындау, заманауи көпсалалы нысандарды салып, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын, әсіресе ауылдық медицина саласын дамыту. Осы орайда ауданымыздың денсаулық саласының алдағы уақытта пандемияға қарсы дайындығын сөз етсек, пандемияның бірінші толқыны кезіндегі іс-әрекетімізді талдап, соның нәтижесіне қарай алдағы уақытқа нақты жоспарлар бекітілді (ғалымдарымыздың пайымдауынша алдағы қазан, қараша айларында пандемияның екінші толқынының бас көтерілуі күтілуде, бұл кезде мезгілдік балалар арасындағы ОРЗ, ОРВИ, грипп жұқпалары өршіген жағдайда, иммунитеттің төмендеуінен коронавирус жұқпасын жұқтыру қаупі жоғары болады). Мамандарымыз арнайы дайындықтан өтуде. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер, төсек қоры дайындалуда. Облыстық әкімшіліктің қолдауымен жақын арада 76,040 млн. теңгеге оттегі станциясы, жедел жәрдем көлігі, жасанды тыныс алу апараты алынуы көзделіп отыр. Күні кеше ғана ҚР ДСМ ұйымдастыруымен «Каспий» банк арқылы 2 санитарлық көлік алдық.
Жыл басынан бері індетке байланысты басымыздан өткен қиыншылықтарды ұмытпайық! Қанша адам ауырып қиналды, қаншама адам өмірден өтті. Қазақта даналы жақсы сөз бар, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Бәріміз саналы түрде қоршаған ортаның тазалығын сақтай отырып, денсаулығымызға көңіл бөлейік!
А.КҮдерова,
ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК директорының әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары.