Стратегиялық жоспарлау - ұлт дамуының кепілі

10.09.2020ж

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндетіне сай Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады.

 

            Президентіміз кезекті Жолдауында бүгінде бірінші кезекте көңіл бөліп атқаратын бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, бүгінгі маңызды мәселелердің бірі  өзін-өзі басқару болса жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеп, Парламентке   сол             бойынша   сәйкес заңдар жиынтығын қабылдап, ауыл әкімдерін тікелей сайлауға қол жеткізуді тапсырды. Болашақта мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттің үлесі бар мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігі артып, 2021 жылға дейін 25% мемлекеттік қызметкерлер қысқартылып,  оңтайландырылады.Сыбайлас жемқорлыққа   ілінген мемлекеттік қызметкерлерге өмір бойы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуге тиым салынды. Олардың жазасын қысқартуға тиым салынып, жемқорлықпен ұсталған шенеуніктердің басшылары қызметінен кетуі жөніндегі мәселе бұдан былай талқылауға жатпай орындалуы тиіс.  

            Қоғамды толғандырып жүрген мәселелердің бірі - қос азаматтық. Өзге елдер азаматтарының ел тізгінін ұстап, түрлі мекемелерде басшы болып отырғаны ел ішінде жиі айтылатын. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда ол дереу қызметінен босатылып, қылмыстық жауапкершілікке тарту тапсырылды. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік мекеме басшылары, депутаттардың, судьялардың және олардың туыстарының шетелдік                   банктерде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізіледі.  Мемлекеттік қызмет пен мемлекет қызметін үйлестіруге және бюджет қаржысының жұмсалуына деген талап күшейтілді. Осы мақсатпен Президентке тікелей бағынатын, бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналатын, құрамына Статистика комитеті кіретін «Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік» құрылады.

            Бұдан былай Қоғамдық кеңестердің рөлі арта түспек. Мемлекет басшысының пікірінше, Қоғамдық кеңес мүшелерін әкімдіктердегі түрлі конкурстық жер комиссиясына, сатып алу комиссияларының жұмысына тарту тапсырылды. Президент Қазақстан халқы үшін тағы бір маңызды мәселеге нүкте қойды, ол – жер еліміздің шетелдіктерге сатылмайтындығы. Жер Кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жойып, жақын арада Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тапсырма берді.

            Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды бала сүю мәселесіне де назар аударып, бұл салаға бөлінетін квота санын 7 есеге көтеруді тапсырып, Үкіметке осы сала бойынша 2021 жылы «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарлама қабылдауды жүктеді.

            Жолдауда Президент осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты. Мемлекеттік органдардың ішінде халыққа жақын, ел мен еліміздің мүддесін көздеген Әділет органдарының барлық қызметкерлері Жолдауда көрсетілген бастамалар мен         жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға атсалысатындығына сенімім мол.

Марат  Сағымбек,

Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі, 

               Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының

басшысы.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1430942