Сарқан ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы іске асады

14.09.2020ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өткен еді.

 

Осыған орай, бүгін  Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибековтың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында тікелей эфир өтті.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Бүгінгі күні Сарқан ауданында 99 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемкеме саны 25.

2020 жылдың 6 айлық есебіне сәйкес, көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 6246 оның ішінде қағаз түрінде –106 мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 365, электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4841, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -934.

Айта кеткен жөн, аудан бойынша өзіне-өзі қызмет бұрыштарымен қамтылу деңгейі – 83,31 % құрап отыр.

«Мемлекеттік қызметтер алушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Сервистік әкімдік» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба осы айда жүзеге асырылады»,-дейді Бауыржан Абибеков.