Маңызды құжат
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2020 03:31
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 153
18.09.2020ж
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуының алдағы жалпыұлттық бағдарын және оның негізгі басымдықтарын анықтап берді.
Жолдауда ең алдымен, мемлекеттік басқару саласын реформалау мәселесіне көңіл бөлінуі тегін емес.
Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа жағдайдағы экономикалық даму мәселесіне баса мән берілген. Бәсекелестіктің, шағын және орта бизнестің өркендеуі табиғи ресурстарға тәуелділікті төмендету арқылы экономиканы күшейту, азаматтардың бастамаларын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасау сияқты үш бірдей маңызды міндетті орындауға мүмкіндік береді.