Әділетті мемлекет құру - ортақ міндет
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2020 04:15
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1252
22.10.2020ж
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы «Әділетті мемлекеттік азаматтардың мүддесін қорғау жолында» деген 8-бағытында: «Құқықтық мемлекеттің маңызды шарты - туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуы» деп нақты айтылған болатын.
Осы бағытта біздің атқарар негізгі міндетіміз де сол әділ шешім шығарып, әділ сот төрелігін орнату. Өйткені, Президентіміз айтқандай, «қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау қажет». Сондықтан да судья әрбір істі қарағанда оның артында адам тағдыры, оның көңілін күпті еткен толғақты мәселе тұрғанын ешқашан да есінен шығармағаны жөн.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы - дұрыс және әділ шешім шығару қажет», - дейді. Иә, «Әділетті мемлекет» құру үшін біз әуелі әділетті шешім шығаруымыз керек. Ол үшін тек судьялар ғана емес, әр адамның жүрегінде иман, ұят, біреудің ала жібін аттамау секілді жақсы қасиеттер орнауы керек.
Құралай Байоразова,
Панфилов аудандық
соттың судьясы.