Әлеуметтік цифрлы әмиян

22.10.2020ж

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Соның ішінде бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан азаматтар өзінің жинағының бір бөлігін тұрғын үй мәселесін шешуге, емделуге және басқа да зейнетақы басқару компанияларына инвестициялау үшін  аудару  мүмкіндігіне  халық біраз қызығушылық танытып, бұл  мәселе қоғамда жиі талқыланды.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін шешуге мүмкіндік беретін жеткілікті шекке қатысты пікір білдіріп, оған еңбекке қабілеті, яғни зейнет жасына жетпеген, аталған қорда жинақтары бар азаматтар ие болатынын айтқан еді.

         «Олар өздерінің жеткілікті шегінен алатын қаражатын  толығымен аталған мақсаттарға пайдалана алады. Бұл тұрғыда негізі мәселе-жеткілікті шек. Ол не үшін белгіленеді, қалай есептеледі? Біріншіден елімізде 1998 жылдан    бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген. Әр азамат өз жалақысынан 10 пайыздық жарнаны қорға аударып келеді. Осы орайда зейнетке жеткен азамат үшін зейнетақы ауылдың үш көзі қалыптасқан. Бұл тұрғыда, мемлекеттік бюджет есебінен жасына келген зейнетақы және базалық зейнетақылық төлем, сондай-ақ зейнетақы  жинақтаушы қорынан жиналған қаржы есебінен зейнетақы қамтылған. Бұл реформа 1998 жылдан басталғанын ескерсек, жылдар өткен сайын зейнетақы жинақтаушы қорынан алатын зейнетақының үлес салмағы да өседі.  Болжам бойынша 2010 жылдан кейін зейнет жасына жеткен азаматтар үшін жинақтаушы қордан алатын зейнетақысы негізгі көзі болады. Сондықтан жинақтау жүйесінің негізгі мақсаты-азаматтар өзіне зейнеткерлікке қаражат жинайды. Осыған байланысты болашақта зейнетақыға жететін қаражат әр адамның сол қордағы есепшотында қалуы тиіс. Осы тұрғыда жеткілікті шек белгіленеді»,-деді министр.

         Айта кететін жәйт, қажеттілік шегін есептеу тәртібі  ресми Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітіледі.

Р.Қайдар.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1496121