Халықпен кедергісіз байланыс орнатуға бағытталған жаңа жоба

22.10.2020ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

 

         Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

         Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен халықтың қарым-қатынас процесін электрондық форматқа ауыстыру заман талабы болып отыр. Шынында да, халықтың басым көпшілігі қазір әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда және мемлекеттік органдардың міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін бұл белсенділікті оңтайлы пайдалану құпталады. Көбінесе қызмет алушыларға шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі жоқ.

         Осыған байланысты, бүгінгі күні Департаменттің бастамасымен «QYZMET LIVE» жобасы іске асуда.

         Аудандық/қалалық әкімдіктер әлеуметтік желілер арқылы халықты алдын ала хабардар ете отырып, әр аптада бейсенбі күні ішкі бақылау қызметтерімен арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан/қала әкімі аппаратының басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшыларының фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «тікелей эфирге» шығуда.

         Жобаның негізгі мақсаты-халықпен кедергісіз байланыс орнату, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру, мемлекет пен халық арасында сындарлы қоғамдық диалог орнату.

         Бұл жоба қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтерден басқа да мәселелер бойынша қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған.

         Сонымен қатар, аталған жоба халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың оң бағалануына ықпал етеді.

         Бүгінгі күні «QYZMET LIVE» жобасы шеңберінде барлық аудандар/қалалар әкімі аппараттарының әлеуметтік желілерінде (фейсбук, инстаграм) 201 198 жазылушыны қамти отырып, қызмет көрсетуші органдармен 122 тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында қызмет алушылардың 624 сұрағына тиісті жауаптар берілді.

         Аталған жоба республикада бірінші болып іске асырылып жатыр және халық арасында оң пікір туғызып, қызмет алушылар арасында үлкен қолдау табуда.

Талап Шаухаров,

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының

бас маманы.

 

Күнтізбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1491980