КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - ЖОЛДАУ

20.08.2021ж

Зерделей қарасақ, Президентіміздің жыл сайын тұрақты түрде ел халқына жолдайтын Жолдауларының астарында талай мән жатыр. Бағытымызды баяндап, алдағы жоспарларымызды нақтылап өтетін бұл маңызды құжат мұнымен қоса уақыттың қатаң сынына төтеп беруде нақты не істеу қажеттігін көрсетіп беруде.


Президент Жолдауында жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерген болатын. Осыған орай биылғы жылы республикамызда ауыл әкімдерін жергілікті халық сайлауы өтті. Бұл бастаманы ауылдық елді мекен тұрғындары зор қуанышпен қолдап, саяси науқанды жоғары деңгейде әділ, ашық түрде өткізді.
Жолдау жүктеген міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сеніміміз зор.
(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).