Өзекті мәселелердің шешімі айқындалды

01.09.2021ж

 Бүгін «Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Жолдауын жариялады.

Жолдау басында ең басты құндылығымз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. 

 Мемлекет басшысы Жолдауында әлем елдерін жайлаған індетке туралы айтып өтіп, қазіргі таңда қолға алынған вакцина ғана адамзаттың көңілін алаңдатып, біраз елдерді, оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке тоқтау болатындығын жеткізді. Әрі барша қазақстандықтарды вакцина алуға шақырып, тиісті органдарға осы мәселе бойынша барынша жұмыс жасауды тапсырды. 

 Елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдау барлық саланы түгелдей қамтыды. Атап айтқанда, пандамедиядан кейінгі экономикалық дамуды қайта қалпына келтіру, ауа райының қолайсыздығы салдарынан мал шаруашылығы биылғы жылы айтарлықтай қиыншылықтарға түйткі болды осыған орай Үкіметке арнайы тапсырма бергендігі қуантты, өйткені бұл ауылдық елді мекен тұрғындарына айтарлықтай көмек болмақ. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде жайылым жерлерін жеке меншік иеленіп, жайылым жерлері маңызды мәселеге айналғаны баршаға белгілі. Осы тұста жаңа реформаның қабылдануы ауыл шаруашылығына кең өріс бермек. 

 Сондай-ақ жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесін де айналып өтпей, оларға кең мүмкіндіктер сыйлайтын кезең жеткенін де атап өтті. Егер жас мамандарға мемлекет қолдау көрсетсе, Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарынан көрініп, эл экономикасы жанданатындығы анық. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңіліне шығуда. Жыл сайын маңызды бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл Жолдау барша қазақстандықтарға ерекше екпін береріне сеніміміз зор. 

Ақмарал ХАМЕТЖАНОВА,

аудандық «Жаркент өңірі» газетінің тілшісі.