«Әрбір бастаманы қолдаймын»

21.10.2021ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында талайдың көкейін мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Ол өз сөзінде елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы тарқатып  айтты.

Әр  отбасының материалдық жағдайы ел экономикасына әсер ететіндіктен, халықтың әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қойып отыр. Осы орайда әртүрлі әлеуметтік көмектердің қарастырылуы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруі, жұмыспен қамтамасыз ету шаралары, тұрғын үй мәселесі сияқты бірқатар жұмыстар назарға алынды. 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеретінін айтты. Соның ішінде мәдениет, мұрағат, қорықшылар, көлік жүргізушілер мен техникалық және осы санаттағы маман иелерінің жалақысы 20 пайызға артатыны  өте орынды. Сонымен қатар, Президентіміз барлық мақсатқа  тек  ұлтаралық  достық пен біртұтастық арқылы ғана жете алатынымызды тілге  тиек  етті.

        Қазіргі  қоғамда  мемлекеттік тұтастық пен саяси тұрақтылық өте өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан  бәріміз    «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» болашаққа беттеуіміз керек. Президентіміздің кезекті  Жолдауындағы әрбір бастаманы қолдаймын. Эпидахуалдың күрделілігіне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамуды  басты  назарға   қоюы - көрегенділіктің белгісі.

Ш.Қазыбек.