"Денсаулық" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

2023-01-27


Бүгін «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы "Денсаулық" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиналысқа бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Панфилов аудандық мәслихатының VІІ шақырылым эксдепутаты А.Батырханның есеп беруі мәселелері қаралды.
Жиналыс барысында А.Батырхан: - VII шақырылымдағы 2021-2022 жылдарда Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалуы туралы айтып өтіп, яғни Панфилов аудандық мәслихатының депутаты үшін кезең елеулі денәтижелі істерге толы болды деп жауапкершілікпен айта аламын деді.
Жұмыстағы негізгі міндеттер бірінші кезекте аудан бюджетін атқару, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, өкілеттіктерді олардың басымдылығын, тиімділігін ескере отырып жүзеге асыру болып табылады.
Екі жыл бойы бекітілген тұрғындарды қабылдау кестесіне сәйкес, тұрғындарды қабылдауды жүйелі түрде жүргіздім» - деді.