«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы

2023-02-07


Халықаралық талаптарға сәйкес, мемлекеттің әр тұрғынына кем дегенде 30 шаршы метрден тиюі керек. Алайда, жер көлемі жағынан Қазақстан алғашқы ондықта болса да, бұл көрсеткіш 23 шаршы метрден аспай тұр. Алақандай жер мен бір бөлмеге жете алмай жүрген отандастарымыздың саны әлі де көп.

 

   Азаматтарымыздың    баспаналы бола алмауының негізгі себебі әрине, үй құнының қымбаттығы және табыстың аздығы. Сондай-ақ, соңғы жылдардағы құрылыс материалдарының қымбаттауы салдарынан еліміз бойынша салынып жатқан үйлердің саны да азайған.
          Өткен жылдың соңында Президенттің Жарлығымен ҚР-дағы ең кең тараған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы тағы 7 жылға ұзартылды. Енді бұл бағдарлама 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Бағдарлама 2018 жылы іске қосылған болатын. 2022 жылдың желтоқсан айының соңында барлығы 852,2 млрд теңгеге 64146 жеңілдетілген қарыз берілді.
         Биылдан бастап несиелеуге жыл сайын 100 млрд теңгеден қаражат бөлу жоспарлануда. Бағдарламаның шарттары бойынша несиені 25 жылға жылдық 7 пайызбен 20 пайыздан бастапқы жарнамен алуға болады. Бұл жағдайда сіз пәтерді тек құрылыс компаниясынан, жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешенінен сатып ала аласыз.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4123987