Белгілі ақын Алмас Ахметбекұлының «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөйлеген сөзінен:

2023-02-07


 

«Бізге жаңа рухани саясат керек. Руханият – ол ұлттық қауіпсіздіктің бірден бір негізі. Жаңа руханияттың саясаты ұлттың түбегейлі мүдделерімен сай болуы тиіс. Тіл, ұлт сипаты, әдебиет, өнер, қоғамдық сана, осылардың барлығына жаңаша көзқарас қажет. Барлық азаматымыз мойын ұсынатын рухани құндылығымыздың ұйтқысын жасауымыз керек. Ал оны кім жасай алады?! Әрине, БІЗ! Ең үлкен ұлттық саяси күш – «AMANAT» партиясы жасайды. Ең берік қорған ол – ұлттың руханияты. Біз Қазақстанның гүлденуіне – мәңгілік болашағына шынайы мүдделі адамдарды азат Отан топырағына топтастыра түсуіміз керек».
 
t.me/AMANATPartiyasy