✍️Волонтер, партия мүшесі Ариана Белобжицкаяның «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөйлеген сөзінен:

2023-02-07


 

«Еліміздегі жас «аманаттықтар» саны 100 мыңнан асты. Әулиекөлде орын алған өрт кезінде дәл мендей 1300 жас сол жаққа барды. 1200 ерікті Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетті. Өзгерістің бастамасы осы деп білемін. Әлем өзгеруде. Мемлекет қайта жаңғыруда. Партия бағдарын айқындады. «Жастар рухы» жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, оларды қолдау мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл – рухтастар көрсете білген алып күш. «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан...» деп, Абай хакім айтқандай, өз орныңды таба білу, жаның қалаған іспен айналысу, жаңа кезеңге аттаған еліміздің дамуына үлес қосу кез келгеніміздің қолымыздан келеді. Мен оған сенімдімін! Осындай ел болашағын айқындайтын жауапты кезеңде біз – жастар, өзіміздің бар ынта-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз!»
 
t.me/AMANATPartiyasy
--