Татулықты ту етіп


Мемлекет  басшысы Н.Назарбаевтың жасампаз істерінің арқасында елімізде мекендейтін көптеген ұлт өкілдері және әртүрлі діни сенімнің  адамдары біртұтастықты, ынтымақтастықты паш етуде.

 

    Олар достық пен бірлікті,  татулықты, сүйіспеншілікті ту етіп, сыйластықпен ғұмыр  кешуде.

    Сондай-ақ  Елбасының халыққа арнаған Жолдауы да мемлекет және  үкіметтік емес  ұйымдардың  серпінді күшпен  бірігуіне,  қам-қарекет жасауына септігін тигізеді. Еліміз озық мемлекеттер қатарына қосылуы үшін, еуропаның стандарттарына жету мақсатында жаңа  уақыт сынын бірге көріп, өзара күш-жігерімізді алмасып, қабілет – қарымымызды шоғырландыру – біздің  міндетіміз.

       Мұнымен бірге Елбасының қашанда халықпен бірге екенін күнделікті өмірден де көруге болады. Елбасының осындай іскерлігінің  арқасында қашанда елімізде тыныштық, біртұтастық орныққаны көңілімізге   медеу  болды.

Б. Бейсенқызы.