Құққықтық мәдениетті қалыптастыру

 Елбасымыз     Н.Ә.Назарбаев     «Қазақстан - 2050»     стратегиясы  – қалыптасқан  мемлекеттің саяси бағыты» атты  Жолдауында  сыбайлас жемқорлықтың  қоғамға  қауіптілігін  айтып, «Жемқорлық  мемлекеттің тиімділігіне  деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке  төнген тікелей қатер болып саналады»  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Алматы облысы  бойынша  еңбек  инспекциясы мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күресті  жүйелі, кешенді жүргізу  мәселесі  бойынша жасалынған  жұмыс        жоспарына   сәйкес  қажетті  іс-шаралар  тұрақты  түрде құзырлы  органдармен  бірлесе  өткізілуі  дәстүрге  айналған.

 

           Жаңа  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес туралы»,  «Мемлекеттік қызмет туралы»  заңдарда,  Президент  Жарлықтарында  және  жыл  сайынғы Жолдауларда  да  жемқорлықпен  күрестің  тың  тәсілдері  енгізілген.  Оларда  құқық  бұзушылық  пен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   күресті  күшейтуге,  құқық  қорғау  органдарының  қызметін  және  мемлекеттік  қызметке өту кезеңдерін  жетілдіруге  бағытталып  отыр.

                Сыбайлас  жемқорлықтың  белең  алуы  мемлекеттің  атына,  сот пен  барлық  құқық  қорғау  органдарының  беделіне  орасан  зор  нұқсан  келтіреді.  Сонымен  бірге,  сыбайлас  жемқорлыққа  күрестің  нәтижелі  болуы  үшін  құзырлы  органдар  мен  азаматтардың  мәдениет  деңгейін  қалыптастыру  да  үлкен  маңызға  ие  екені түсінікті.  Қоғам  дертімен  пәрменді  күрес  жүргізу  үшін  құқықтық  түсіндіру  жұмысының   деңгейі мен  сапасын  арттырудың  да  маңызы  зор.  Еліміздің  азаматтары  өздеріне  қарсы  қандай  да  бір  құқыққа  қайшы  іс – әрекет жасалған  жағдайда  не  істеуі  керектігінің  нақты  жолдарын  толық білулері керек.  Барлық  салада  сыбайлас  жемқорлық  көріністерінің  деңгейін  төмендету,  қоғамның  мемлекетке және  оның  институттарына  деген  сенімін   нығайту  бүгінгі  күнгі  кезек  күттірмейтін  аса өзекті  мәселенің бірі  болып  табылады.

    Шенеунік  пен  азаматтың  тікелей  байланысқа  түсуі  сыбайлас  жемқорлықтың  туындауына  негізгі  алғышарттардың  бірі. Сондықтан  да  халыққа  электронды  форматта  қызмет  көрсету  ісі  жедел  түрде  қолға  алынып,  індетке  қарсы  күресте  ашықтық,  мәдениеттілік  қағидаттарын  енгізу  тұрақты,  жүйелі   түрде  жүргізілуде.  Жемқорлықпен  күрес  алдымен адами  фактордың  таным – түсінігіне, адамның  ішкі  мәдениетіне,  рухани  кемелдігіне тікелей  байланысты. Әркім  өз  отбасында,  еңбек  ұжымында парақорлықтың  зияны  мен  зардабын  ұғындырып  отырса, жас  мамандар  бұл  дерттен  іргесін  аулақ  салар  еді.  Рухани  жан  дүниесі  бай, халқына  адал,  жан – жақты  мәдениетті  азамат  қалыптастыруымыз   керек.

                Бүгінгі  таңда  сыбайлас  жемқорлық  үшін  қылмыстық  жаза  қатаңдатылған  және   оған  мемлекет стартегиялық  басымдық  беріп  отыр. Сондықтан  да,  Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматы  осы  саясатты  жүргізуге өзінің  азаматтық  үлесін  қосуы  керек  деп  есептеймін.

Ербол   ҚАСҚАРАУОВ,

Алматы облысы

 бойынша

мемлекеттік   еңбек

 инспекторы.

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net