Жемқорлық-індет

Жуырда Ә.Қастеевтің көркемсурет галереясында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы

«Жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемділігі» атты тоғызыншы міндетін орындау мақсатында  «Жемқорлық - індет, жою - міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақыру, оларды рухани адамгершілік рухта тәрбиелеу.

      Шараға «Нұр Отан»    партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, аудандық   жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Исаев, БАҚ өкілдері, А.Жампеисов жетекшілік ететін Жауынгерлік даңқ маражайының ұжымы, суретші М.Иманбай, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

       Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен галереяның бас қор сақтаушысы Ш.Заманбекова  ашты.  Баяндамашы өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың Қзақстан халқына Жолдауындағы  «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі» бағытында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарылуы керек іс-шаралар жөнінде айтып, жас ұрпақтың санасына аталмыш індетпен күресуді, оны болдырмауды сіңіруге шақырды.  Осыдан соң галерея директоры Б.Әбілханов тақырыптық баяндама жасады. 

       Баяндамадан  кейін дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар өз ойларын ортаға салды. «Нұр Отан»   партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов сөз сөйлеп, тақырып бойынша өз пікірін айтты. Мұнан соң  «Біздің күшіміз бірлікте» атты көркемсуреттік бейнелеу және қолданбалы қолөнер мәнеріндегі аудандық  мектеп мұғалімдері мен оқушыларының туындыларынан құралған плакаттық көрме-байқауының қорытындысы шығарылып, қонақтар көрмедегі жұмыстармен танысты.

       Дөңгелек үстелдің қорытындысында галерея ұжымы қатысушыларға  алғысын айтып, қонақтар естелік суретке түсті.

Жансая  Ержанқызы.