Кедендік бекетте

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл   сайынғы  Қазақстан   халқына     Жолдауларында еліміздің экономикалық дамуы үшін атқарылуы тиіс шараларды үнемі атап өтеді. Сонымен бірге кеден ісін дамытуды, ондағы олқылықтарды жоюды да назардан тыс қалдырған емес. 2017 жылы Мемлекет басшысы кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне қол қойған болатын.

 

                Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық қарыштап дамып келе жатқаны белгілі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық, саяси тұрақтылықты сақтауда кеден қызметкерлерінің үлесі зор. Күн санап ел экономикасының өзгеруіне байланысты, кеден ісі саласындағы заңнамаларға да тың өзгерістер енгізілуде. Кеден мемлекеттік бюджетті толтырудың,  отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады.

                «Алтынкөл» кеден бекеті басшысының орынбасары Жусанбаев Әлім Октябрьұлының бастамасымен кеден қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өтетін тұлғаларға  кеден ісі саласындағы өзгертілген заңнамаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

                Сонымен қатар, «Алтынкөл» кеден бекеті қызметкерлері мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруда, қоғамдық тәртіптің сақталуында, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын айқындауда үлкен игі  істер атқарып,  тағы басқа қызметтерге өз құзыреті шеңберінде атсалысып отыруға барынша әрекет жасауда.

А.Әбдіманапов,

«Алтынкөл» кеден бекетінің

 жетекші  маманы.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net