Жемқорлықтың тізбегін үз

Басқұншы  ауылдық  округі  бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде комиссия қайта құрылып, құрамы жаңартылды. 

    Округ тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтіретін залалдарын насихаттау мақсатында округ аумағында, округ әкімшілік ғимаратының алдында  «Назарсыз қалдырма. Жемқорлықтың тізбегін үз» атты    билборд жасалынып  ілінді.

    Сонымен қатар округке қарасты мекемелерде,  «Елтінді батыр атындағы орта мектеп» және «Крылов» атындағы орта мектептің залдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында стендтер, плакаттар ілінген.

    «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда, округ бойынша  601 дана ақпараттық жадынамалар, плакаттар  орналастырылды.

    Наурыз  айында  ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы «Жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемділігі» атты тоғызыншы міндетін орындау мақсатында «Жемқорлық – індет, жою - міндет» тақырыбында Елтінді батыр атындағы орта мектептің акт залында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақыру, оларды рухани адамгершілік рухта тәрбиелеу. 

    Иә, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, тұтастай қоғамның борышы. оған әр қазақстандық, «елім» деген әр азамат белсене атсалысуы тиіс.

                                С.Медетбек,

Басқұншы ауылдық

 округінің әкімі.

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net