Адами капитал-жжаңғыру негізінде

Күн  сайын    қарыштап дамыған заманда  және үлкен өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталдың алар орны ауқымды. Бүтін бір ұлтты, мемлекетті құрайтын жеке адамдар. Кез-келген мемлекеттің басты байлығы – адам.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында адами капиталды дамыту міндеттеріне ерекше тоқталып өтеді. Биылғы Жолдаудағы Мемлекет басшысы басымдық берген негізгі міндеттердің бірі де осы адами капитал болып отыр. Өйткені адами капиталды дамытуға негізделген міндет маңызды бағыттардың бірі.

     Мемлекеттің болашағы – өз әдебиеті мен мәдениетінен ажырамай, керісінше өзінің ұлттық құндылықтарын құрметтей отырып, оның жаңа заман талабына сай жандануына үлес қосар білімді, озық ойлы, жаңа техенологияларды меңгерген, көп тілді білетін саналы ұрпақтың қолында. Президентіміз де өз Жолдауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», - деп көрсеткен. Шындығында, бүгінгі жаһандану заманы – жоғары білім мен жан-жақты тұлға болуды талап етеді. Сол себепті бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім алуы мемлекетіміздің алға қойған негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Еліміздегі білім саласы жылдан-жылға дамып, жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алулары үшін барынша жағдай жасалынуда.

    Қорыта айтқанда, адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі межеміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санамыз бен қоғамымызға айтулы өзгерістер жасап, алдыңғы қатарлы озық елдердің санатына қосыламыз.

А.Хаметжанова.