Жастар кеңесі бас қосты

Тамыз айының 15-ші жұлдызы білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитеті жанындағы жастар кеңесінің Елбасы Н.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы білім беру саласына қатысты мәселелерді талқылаған отырысы өтті.

 

Жаңа 2018-2019 оқу жылында білім беру жүйесіне енгізілетін өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлының баяндамасы тыңдалды. Атап айтар болсақ, биылғы жылдан бастап оқушыларға берілетін тапсырма азаяды. Елбасы еліміздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары екенін айтты және оны төмендетуді тапсырды;  категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізілді;  2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Ал  2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға (мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар) көшу аяқталады деп жоспарлануда. 

Баяндамашы өзгеру, бәсекеге қабілетті болу – заман талабы екенін айта келе, аталған өзгерістердің барлығын жүзеге асыруда, тәжірибеде пайдалануда жас мамандардың рөлі зор екенін баса айтты. Өз кезегінде кеңес мүшелері Е.Сайранұлы, Ү.Жабықбай, Р.Толымбеков ой-пікірлерімен бөлісіп, жас мамандарға артылатын сенімнен шығатынын айтты.

Жиын барысында жастар кеңесінің төрайымы Шеризат Балжан  кеңес мүшелерінің жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.  Жастар кеңесінің отырысын аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков қорытындылап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Ж.Кенжебек,

аудандық кәсіподақ комитетінің маманы.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net