Мәңгілік ел - Ұлт мұраты

      Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қаржылы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. 

 

                Мәңгілік  Ел – елдің  біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік  Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

                Елбасымыз қазақ халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялап өткен болатын. Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сан-қатерлерге жауап бере отырып, Елбасы Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етті.

                Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталған болатын.

                Мемлекет басшысы жолдауды не себепті күні бұрын арнап отырғанын түсіндірді.  Сонымен қатар, Ресей мен Батыс арасында санкциялық саясат бар екендігін, таяу шығыста болып жатқан оқиғаларда Қазақстанға белгілі бір дәрежеде ықпал ететінін. Біз халықтың сенімін ақтау үшін шараларды қолға алып, одан басымыз бүтін күйде шығуымыз керек екендігін түсіндірді.

                Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту  және  кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

Сабыр  Сұлтанов,

аудандық Әділет басқармасының  инспекторы.