Заңды тұлғаларды тарқату туралы

Елбасы өзінің Жолдауында мемлекеттің жаңа  саяси бағытын анықтап берді. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы жүктелген міндеттерге қол жеткізген қазақстандықтар, алдағы стратегиялық құжатты орындауға кірісіп кетті.

 

                Нарықтық экономика қалыптасып, тұрақты дамуға көштік. Елбасы кәсіпкерлерді қолдап одан әрі дамуына жағдай жасап отыр. Кәсіпкерлік қызмет үшін жаңа салық жүйесі қалыптасып, кәсіпкерлікті тексеруге тиым салынды.

                Электрондық үкімет бағдарламасы аясында да біраз жұмыстар атқарылып, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен іс-қимылы жеңілдеді. Соның бір ғана көрінісі   бизнес-процестерді оңтайландыру, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алуды тіркеу рәсімі электрондық форматқа ауыстырылды.

                Сондай-ақ «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2013  жылғы 31 желтоқсандағы №1570 қаулысына сәйкес аталған қызмет балама негізінде «электрондық үкімет» веб-портал  арқылы  жүзеге  асырылуда.

                Алайда  қайта ұйымдастыру кезінде таратылатын заңды тұлғалар электронды түрде таратылмайды. Сонымен қатар, жақын арадағы өзгерістердің бірі шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерін тарату кезінде төлемақы талап етілмейді.

                Аталған жаңалықтар бизнесті ашуға және бизнесті аяқтауға еліміздегі кәсіпкерлерге зор ықпалын тигізеді.

Қ.Розбакиев,

 аудандық   Әділет

басқармасының  бас маманы, Қазақстанның Заңгерлер

одағының мүшесі.

 

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net